Облыстағы «Айреник» қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылды. Содан бері Эльмира Петросян басқаратын бірлестік елдік тұтастық пен келісімді сақтауда, армян халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғыртуда үлгілі қызмет атқарып келеді.
Этномәдени бірлестікте ақсақалдар кеңесі және оның жастар қанаты, әдеби, би ұжымдары жұмыс жасайды. Көрмеден ұққанымыз, армян халқы мәдениетінің көне заманнан – тау-жартастардағы жазбалар мен тас және қола мүсіндерден, әшекейлі қару-жарақтар, шыны және қыш ыдыстардан бастау алатыны. Яғни, сәулет өнерінің туындыларын, қабырғаға салынған суреттерін, мүсіндер мен тұрмыстық заттарын дүниеге әкелген Ежелгі Урарту мемлекетінің мәдениетін қалыптастырады.
Осы өнер орталығының бірі 2783 жыл бұрын іргесі қаланған көне Эребуни (Ереван) қаласы екен. Көрмеде өткен жылдардағы суретшілер Мариам, Ерануи Асламазян, Ара Бекарян, Дмитрий Налбандян, Симон Галостян және қазіргі заманғы армян суретшілерінің туындылары қойылған. Ал қарағандылық суретші Саркис Саносян (1922-2004) болса, 1980-жылдары біздің облыстық көркемсурет музей қорына өзінің туындыларын сыйға тартыпты.
Көрмеге, сондай-ақ, ел есінде жүрген Оганес Зардарян, Рубен Габриелян, Альберт Папикян, Александр Григорян, Петрос Малаян, Лавиния Бажбеук-Меликян, Седа Карагезян және басқа да атақты суретшілердің суреттері қойылыпты. Армян халқының қилы өмірі сурет арқылы көрініс тапқан.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53